Биыл салықтық және кедендік әкімшілендіруден 1,6 трлн теңге түседі – министр

 новый Налоговый кодекс
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда салықтық тексерулер азайса да, салықтық өндіріп алу екі есеге ұлғайды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтып берді.

«Соңғы 5 жылда салықтық-кедендік әкімшілендіру шаралары мен оларды цифрландыру есебінен республикалық бюджет қосымша 4 трлн теңгеге толтырылды. Оның 23% немесе 932 млрд теңгесі өткен 2023 жылы түскен», - деді министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Биыл әкімшілендіруге арналған кіріс бойынша 1,6 трлн теңгеге жоспар құрылған.

«Бұл – өте батыл міндет. Оған қол жеткізу үшін біріншіден, «таза парақтан реттеу» аясында салықтық тексеруді белгілеуде Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттары қайта қаралды. Енді олар нақты іріктеу әдісімен жүргізіледі. Нәтижесі де айтарлықтай жақсы. Мәселен, 2022 жылмен салыстырғанда салықтық тексеру саны 16%-ға азайса да, салықтық өндіріп алу екі есеге ұлғайды», - деп түсіндірді спикер.

Биыл бірінші жартыжылдықта тексеру жүргізу үшін тәуекел деңгейі жоғары 760 кәсіпкерлік субъектісі іріктеп алынған.

Оған қоса, ірі салық төлеушілердің, мұнай секторы мен тау-металлургия кешені кәсіпорындарының салықтық әлеуетін арттыру мәселесі де белсенді пысықталуда.

Сондай-ақ, бізде алдын-алу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, заңбұзушылықты қудалағанша, оның алдын алған дұрыс. Осы мақсатта, «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды тіркеу немесе жазып беру кезінде адамды биометриялық сәйкестендіру функциясы іске асырылды. Бұл бөтен адамдарға компанияларды тіркеу, сондай-ақ жалған шот-фактураларды жазып беру тәуекелдерін алдын алуға мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар