Биыл шетелдіктер мен қандастарға қанша оқу гранты бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта биыл шетелдіктер мен қандастарға қанша оқу гранты бөлінгенін айтты.

грант
Фото: Kazinform

«Биыл шетелдік азаматтарға халықаралық келісімдер бойынша 360 грант бөлінеді. Шетелдіктердің стипендиялық оқу бағдарламасы бойынша, оның ішінде ұлты қазақ шетелдіктерге қосымша 490 грант бөлінеді», - делінген министрлік жауабында.

Былтыр жалпы 171 699 адам жоғары оқуға түскен. Оның ішінде 68 240 адам грант бойынша білім алып жатыр.

«Биыл мектеп бітірген түлектердің саны - 188 245 адам. Жоғары білім алу мақсатымен 185 371 адам ҰБТ тапсырған. Оның 156 297-сі биылғы жылдың мектеп түлектері», - деп жазылған ресми жауапта.

Соңғы жаңалықтар