Биыл Түркістан облысында 36 ауылдың әкімі сайланады

сайлау
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Биыл Түркістан облысында 36 ауылдық округтің әкімі сайланады. Сондай-ақ, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына да сайлау өтеді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев мәлімдеді.

Өңірдегі 32 ауылда кезекті әкім сайлауы өтеді.

Ал, 3 ауылдың әкімі басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты, бір ауылдың жаңадан құрылуына орай әкім сайлауы кезектен тыс ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ, аудандық мәслихатта қазіргі уақытта 6 орын босаған.

Сол себепті наурыз айында босаған депутаттардың орнына сайлау өткізу жоспарланып отыр.

«Түркістан облысында жалпы 2021-2023 жылдар аралығында 144 ауыл әкімі сайланды. Биылғы жылы 36 әкімді халық өзі таңдайды. Оның алтауы ақпан сайланды. Қалған 30 ауылдың әкімін сайлау жыл соңына дейін ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Төлеби, Отырар, Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек ауданында босаған депутаттардың орнына сайлау өткізу жоспарланып отыр», - деді Аңсар Өсербаев.

Соңғы жаңалықтар