Биыл ұялы байланыс операторларына қанша айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс саласындағы шағымдардан операторларға қандай жаза қолданылғанын түсіндірді.

штраф
Фото: Рүстем Айтхожин/Kazinform

«Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың басынан қазірге дейін байланыс операторларына қатысты 375 тексеру жасалып, 1 млрд 272 млн теңге айыппұл салынды. Заңнамаға сәйкес жеңілдікті есепке ала отырып, бюджетке 636 млн теңге айыппұл төленді», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, 5G жүйесі бойынша еліміз аумағында 1,3 мыңнан астам базалық станция орнатылды.

Биыл маусым айында Үкімет басшысы Олжас Бектенов ұялы байланыс операторлары арасында бәсекелестік байқалмай тұрғанын айтып, сынға алған еді.

Премьер-Министр республикалық және негізгі облыстық жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобильді интернет болуы тиіс екенін атап өтті.