Биылға мұнай өндіру жоспары 2 млн тоннаға қысқартылды – Энергетика министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдардың салдарынан елімізде мұнай өндіру көлемі 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін қысқартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

мұнай қоймалар
Фото: Kazinform

- Қаңтарда, одан кейін маусым-шілде айларында жалғасқан шабуылдардың салдарынан шамамен 3,5 млн тонна мұнай жоғалттық. Осыдан кейін ТШО акционерлері күрделі жөндеу жұмыстарын жасамау туралы шешім қабылдады. Келесі жылға ауыстырылды, - деді министр. 

Оның атап өтуінше, келесі жылы NCOC операторының кен орындарында да жөндеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданған.

- Біз биыл 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарланған едік. Қазір жоспар 96 млн тоннаға түзетілді. КҚК-ға жасалған шабуылдан өндірілмеген мұнай көлемі 3,5 млн тоннаны құрайды, - деді Ерлан Ақкенженов. 

Айта кетейік, соңғы рет 30 шілдеде Каспий құбыр консорциумы екі танкерге тағы шабуыл жасалғанын, осыдан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді.