Биылғы 8 айда сыртқы тауар айналымы 124 млрд долларға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың 8 айында еліміздің үшінші мемлекеттермен сыртқы тауар айналымы 124 млрд долларға жетті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ғабит Оразов айтты.

Грузоперевозки товарооборот Жүк тасымалдау тауар айналымы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2024 жылғы 8 айда 124 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспорт - 94 млрд АҚШ долларын, импорт 28,5 млрд АҚШ долларын құрады.есепті кезеңде 819 мың транзиттік декларация ресімделді немесе өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 119,4 мыңға артық Өсім қарқыны 17 пайыз болды. Өткізілген тауарлардың жалпы салмағы 13 млн тоннаға жуықтады. Өсім қарқыны – 12 пайыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, 2023 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті бүгінгі күні ЕАЭО сыртқы және ішкі шекарасындағы барлық автомобиль өткізу пунктінде сәтті жұмыс істейтін инновациялық электрондық кезек жүйесін енгізді. Жүйе «Qoldau.kz» платформасында және «CargoRuqsat» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді.

«2024 жылғы 8 айда үшінші елдермен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері арқылы 860 мыңнан астам автокөлік құралы өтті. Өткен жылдың 8 айында 621 мыңнан астам автокөлік құралдары жүріп өткен еді. транзиттік декларацияны ресімдегені үшін 18,5 млрд теңге сомасына кедендік алымдар өндіріліп алынды», - деді Ғабит Оразов.

Соңғы жаңалықтар