Биылғы ерекше жаңбырлы жаз егін шығымына қалай әсер етеді

АСТАНА. KAZINFORM — Осы жазда елдің бірқатар аймақтарында жауын-шашын жиі жауып, бұл егіннің сапасына қатысты алаңдаушылық туғызды. Kazinform агенттігі бұл жөнінде сарапшылар пікірін ұсынады.

ауа райы
Фото: Pexels

Қазақстанда шілде айы өте жаңбырлы болды. Елдің басым бөлігінде жиі және қарқынды жауын-шашын байқалады, найзағай, бұршақ және қатты жел қатар жүрді.

Елдің әртүрлі аймақтарында, тіпті дәстүрлі құрғақ және ыстық оңтүстікте де ауа температурасы ауытқуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі ауа райы жақсы өнім алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, егістің 70% жақсы жағдайда, ал 30% қанағаттанарлық жағдайда. Бұл ретте, суару езеңіндегі, егін жинау жұмыстарындағы ауа райы маңызды фактор болып саналады. Қазіргі ауа райы жақсы өнімді болжауға мүмкіндік береді», — деп жауап берді ведомство.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Әділбек Ноғаев та биыл жауын-шашынның егінге әсері туралы өз пікірін айтты.

«Жаңбыр дәнді дақылдардың вегетациялық кезеңін кешіктіруі мүмкін, бұл егін сапасына әсер етуі мүмкін. Бірақ, тұтастай алғанда, өнімділік биыл жақсы болады деп ойлаймын, бірақ бәрі егін жинау жағдайына және осы кезеңде жаңбыр жауа ма, жоқ па — соған байланысты», — деді ол.

Сарапшы көктемнің ұзаққа созылған жаңбыры егіс науқанын кешіктіріп, фермерлер жұмысына әсер еткенін еске салды.

Көптеген фермерлер егін егуді тек маусымда бастауға мәжбүр болды.

Оның пікірінше, бұл бидайдың пісіп үлгермеу қаупін тудырады және оның сапасына әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар