Биылғы форумның басты ерекшелігі — жасанды интеллектке назар аударылады — Жаслан Мәдиев

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Digital Almaty 2025 форумы басталды.

Жаслан Мәдиев
Фото: Александр Павский/ Kazinform

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 31 қаңтар мен 1 ақпан арасында өтетін халықаралық форумның басты ерекшелігін атап өтті.

Алматы Digital Forum
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Бүгін өтетін Digital Almaty халықаралық технологиялық жетінші форумының ерекшелігі — ол жасанды интеллектіге арналған. Әлемде технология қарқынды дамып жатыр. Оны әр салада пайдалануға мүмкіндіктеріміз бар. Сондықтан осында жасанды интеллект жобалары, оның ішінде Халықаралық жасанды интеллект орталығының презентациясы ұсынылған, — деді министр.

Алматы Digital Forum
Фото: Александр Павский/Kazinform

Сондай-ақ британдық өндірістік және ғылыми-зерттеу Oxford Insights компаниясының директоры Ричард Стирлинг форум және жасанды интеллектінің болашағы туралы пікір білдірді.

— Көптеген білікті адамдарды біріктірген форумға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Осындай форумдар алаңындағы талқылаулар арқылы біз қоғам үшін өзекті мәселелердің шешімін табамыз. Біз осы уақытқа дейін жасанды интеллект жұмысын оңтайландыруға тырыстық. Ал қазіргі ЖИ өзі ойлап таба алатын модельге айналды. Оның жарқын мысалдары: ChatGPT және DeepSeek. Ең қызығы — осындай ЖИ бар кезде ары қарай не болатынын көру, — деді шетелдік мейман.

Алматы Digital Forum
Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Digital Almaty-2025 цифрлық форумына 40 мыңнан аса адам қатысатынын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар