Биыл қандай жолдардың құрылысы басталады

АСТАНА. KAZINFORM —  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады.

Биылғы қандай жолдардың құрылысы басталады
Фото: БҚО әкімдігі

Көлік министрлігінің мәліметінше «Қарағанды — Жезқазған», «Ақтөбе — Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау — Майқапшағай», «Күрті — Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш — Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған — Петропавл», «Мұқыр — Құлсары», «Қандыағаш — Ембі -Ырғыз», «Қостанай — Қарабұтақ», «Өскемен — Шемонаиха», «Өскемен-Рахман кілттері», «Орал –Атырау» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады. 

Айта кетелік СҚО-да биыл 1,2 мың км жол жөндеуден өтеді

Соңғы жаңалықтар