Биылғы тасқындар 120 мың адамның өміріне әсер еткен

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында көктемдегі тасқынның негізгі салдарын атады.

Паводки Су тасқыны Атбасар
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Биылғы су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер етті. Мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетілді – баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды, 34 мыңнан астам адам 12,6 млрд теңгеге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем алды. Бұдан басқа, шамамен 10 млрд теңге көлемінде 150 айлық есептік көрсеткіш есебінде 21 880 отбасына келтірілген материалдық залал өтелді», - деді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол тасқыннан зардап шеккен бизнес өкілдеріне де көмек көрсетілгенін еске салды.

«Шағын және орта бизнес субъектілеріне су тасқыны салдарынан келген мүліктік шығындарды өтеу ретінде 615 мақұлданған өтінім 10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Айта кету керек, шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу қағидаларының қолданылу мерзімі 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылады», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар