10:17, 15 Сәуір 2025 | GMT +5
Биылғы жаз жылдағыдан ыстық болады
АСТАНА. KAZINFORM — Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев облыс әкімдіктерін өртке қарсы дайындықты күшейтуге шақырды.

Үкімет отырысында министр орман күзетіне жауапты органдардың өртке қарсы дайындығы туралы баяндама жасаған.
— «Қагидрометтің» болжамы бойынша биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өртінің алдын алып, жою бағытында жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық дайындыққа келтіру қажет, — деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.