Биылғы жылдың 7 айында Алматыда 388 өрт болған - ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Елімізде 2024 жылғы 22-28 шілде аралығында сауда нысандарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша республикалық акция өтті. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде акцияның қорытындысын жариялады.

өрт
Фото: Алматы ТЖД

Алматы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Константин Канин сауда нсынадарынан өрт шығуының басты себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы екенін атап өтті.

«Осы жылдың 7 айында Алматы қаласының аумағында 388 өрт тіркелді, оның 11-і сауда нысандарында болған. Бұл өрттердің себептері: электр сымдары мен құрылғыларының қысқа тұйықталуы - 10 жағдай, дәнекерлеу – 1. Нәтижесінде меншік иелеріне де, жалға алушыларға да үлкен материалдық залал келтірілді. Бұл тек тауарлық-материалдық шығын емес. Көптеген отбасылар табыс көзінен айырылды», – деді К.Канин.

Брифингке қатысқан Алматы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Дарын Мұқанов 2024 жылғы 22-28 шілде аралығында Алматы қаласында сауда объектілерінде өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өткізілгенін хабарлады. Оның шеңберінде 123 сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігі саласында профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар