Биімен көпшілікті тамсандырған күшік ғаламтор жұлдызына айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Билеп жатқан күшік туралы видеоролик ғаламторда аса танымал болуда. YouTube пайдаланушыларын иесін күтіп тұрған кішкентай күшіктің сальса биінің қимылдарын жасағаны таңдандырды.
Оны иесі Чикаго сауда орталығындағы жануарларды уақытша ұстауға арналған жерге тастап, өзіне керекті затарын сатып алуға кеткен. Видеода күшіктің екі аяғымен тұрып билеп, секіретіні көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Мұны көрген қасындағы ит таңданғандай болып тұрып, кейін оның биіне өзінің қалай қосылып кеткенін байқамай да қалған сыңайлы.