Бильярд: Қуаныш Аббасов пен Әнел Бекбосынова құрамдастырылған пирамидадан 2011 жылғы Қазақстан чемпиондары атанды

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. /Сара Мұстафина/ -Алматыда қаңтардың 25-і мен 28-і аралығында бильярд спортының «құрамдастырылған пирамида» түрінен 32-нші ел чемпионаты өтті. Елордалық спорт шебері Қуаныш Аббасов ерлер арасында құрамдастырылған пирамада бойынша 2011 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Бильярд: Қуаныш Аббасов пен Әнел Бекбосынова құрамдастырылған пирамидадан 2011 жылғы Қазақстан чемпиондары атанды

2-орынды алматылық Максим Пан иеленді. 3-орынды Эмиль Мударысов пен Айдос Туғанбаев өзара бөлісті, екеуі де алматылықтар.

Ал әйелдер арасынан алматылық спорт шебері Әнел Бекбосынова 1-орын алды. 2-орынды тараздық Арай Байымбетова жеңіп алды. 3-орынды қызылордалық Салтанат Маханова иеленді.

Ел біріншілігіне республикамыздың әр өңірінен барлығы 128 ер адам мен 16 әйел қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 21-24 ақпан аралығында Алматыда өтетін құрамдастырылған пирамидадан әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының құрамы жасақталады. Бұл Қазақстанда өткелі отырған осымен бесінші әлем чемпионаты.