Бильярдтан журналистер арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 4 наурыз күні зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш іс-шараны AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырғалы отыр.

Турнирде жалпы саны 50-ден аса адам 55 жасқа дейінгі және кейінгі екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы жүлдеден тағайындалған. Одан бөлек, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі.

Турнирдің бас төрешісі – ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы.

Турнирдің өтетін орны: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 3-үй, «Зодиак» бильярд клубы.

Басталуы: 09:00


Соңғы жаңалықтар