"Билайн" корпоративтік клиенттер үшін жаңа тарифтік желісін ұсынады

АЛМАТЫ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «КаР-Тел» ЖШС корпоративтік клиенттер үшін жаңа Beeline Business тарифтер желісін ұсынады,

"Билайн"   корпоративтік клиенттер үшін жаңа тарифтік желісін ұсынады
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Жаңа тарифтік желі - корпоративтік тұтынушылардың бизнес-міндеттерін шешу үшін Beeline Business ұсынатын тиімді құралдар жиынтығы. Онда әрбір тарифтік жаңа 5 жоспар белгілі үлгі бойынша тұтынушылардың телекомуникациялық қызметті пайдалануы үшін жасалған. Сондай-ақ корпоративтік киенттердің байланысқа жұмсайтын шығынын айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік береді», - дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетингтік директоры Айнұр Әбжанова. Онда бес тарифтік жоспардың үшеуінде абоненттік төлем қарастырылмайды. «Нәтиже» деп аталатын тарифтік жоспарда желі ішінде секундтық тарифтеу бойынша минутына 15 теңгеден, «Шешім» тарифтік жоспарында Қазақстандағы өзге ұялы байланыс операторлары мен қалалық нөмірлерге минутына 25 теңгеден қоңырау шалу, «Табыс» тарифтік жоспарында желі ішінде минутына 20 теңгеден, өзге операторларға 35 теңгеге теңестірілген баға бойынша есептеу ұсынылады. Ал «Жарқын табыс» және «Жарқын шешім» тарифтік жоспарларында ай сайын 4900 теңге көлеміндегі абоненттік төлем қарастырылған. Ол біткенше желі ішінде минутына секундтық тарифтеу бойынша 10 және 15 теңгеден, ал қалалық нөмір мен республикадағы өзге байланыс операторларына 20 теңгеден және топ ішінде 10 теңгеден қоңырау шалуға болады.