14:24, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Билетке интернет арқылы тапсырыс беруге болады
/strong>Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстанда тапсырыс беруге арналған www.zakazbiletov.kz атты ұлттық портал ашылды.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ZAKAZBILETOV.KZ» компаниясының директоры Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, жаңа порталдың ашылуы Елбасының инновациялық бғдарламасының жүзеге асырылып жатқанының жарқын көрінісі. «Енді кез-келген көрермен спектакль, концерттер, спорттық шараларға осы сайтқа кіре отырып тапсырыс бере алады» дейді С.Сүлейменов.
Сайтта Алматы мен Мәскеуде, жақын шет елдерде өтетін шаралар туралы ақпарат алуға, тапсырыс беруге болады. Ал Алматы қаласы мен облысының тұрғындары билетті сатып алумен қатар үйіне жеткізуге де тапсырыс бере алады.