Билік тарапы тұмаудан еш тиімділігі жоқ дәрілерді алып жатыр - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ғалымдардың пайымынша, ел үкіметі тұмауға қарсы дәрі-дәрмек қорын құруға миллиардтаған доллар қаржы жұмсағанымен, аталған дәрілік заттардың тиімділігі күмән тудырады.
Бірқатар елдер, оның ішінде Британия құс тұмауының таралуы қаупінен «Тамифлюдің» қорын құрған көрінеді.
Алайда, ғалымдар тұмау ауруының белгілерімен және асқыну салдарымен күресте бұл препараттың тиімділігі жайында ешқандай дәлел жоқ.
Препаратты өндіруші «Roche» компаниясы британдық ғалымдардың тұжырымымен түбегейлі келіспейтіндігін мәлімдеп отыр.