Билік және бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар соғыс ардагерлерінің құрметіне арнап акция өткізді

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда «Тобыл» және «Локомотив» футбол командаларының арасындағы матч барысында «Менің есімде! Мен мақтан тұтам!» атты әлеуметтік акция болды.

Билік және бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар соғыс ардагерлерінің құрметіне арнап акция өткізді

Оның қатысушылары - билік және бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар, спорттық ұйымдар мен ардагерлер кеңесі ұйымдарының өкілдері - жаңа идеяны жүзеге асыру үшін жиналған. Ол Қостанай ардагерлер Кеңесіне бұқаралық қайырымдылық көмек көрсетуді көздейді.

«Біздің жобамыздың жүзеге асқандығы да жарқын болды», - дейді акция ұйымдастырушыларының төрағасы, «ГРИН» Қостанай облысы Азаматтық альянсы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Гүлмира Қапенова. - Іс-шараға қатысушылар жиналған 8 000 жанкүйерге георгий ленталары мен арнайы дайындалған әлеуметтік ашық хаттар таратты.

Ұйымдастырушының пікірі бойынша, іс-шараның Қазақстан Азаматтық альянсының «Біз - бір командамыз!» атты жобасы бойынша өткізіліп отырғандығы да маңызды. Оның мақсат әртүрлі мемлекеттік емес ұйымдармен, оның ішінде ҮЕҰ -нің бизнес пен биліктің арасын жақындату болып табылады.