Білікті дәрігерлер Астанада бас қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады astana.kz.

Білікті дәрігерлер Астанада бас қосты

Конференцияға Чехия, Хорватия, Ресей, Белоруссия сынды елдердің мамандары қатысты. Шара аясында Жапония мен Оңтүстік Кореяның белгілі мамандары туыстық трансплантация саласына инновациялық технологиялардың енгізілуі туралы шеберлік дәрісін өткізді. Былтыр республика бойынша 163 донорлық, биыл 116 әр түрлі органдарға трансплантация жасалған.