Біліктілікті арттыру курстарынан 356 оқытушы өтеді - Астана

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында Қазақстанда оқытушылардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру бойынша арнайы курстар ұйымдастырылып, жаңа технологиялар үйретіледі, деп жазады astana.kz.

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, биыл 356 оқытушы жаңа жүйедегі біліктілікті арттыру курстарынан өтпек. Бірнеше кезеңнен тұратын жаңа жүйеге сәйкес, оқытушылардың еңбекақысына әр деңгейде үстемеақы төленеді. Бірінші деңгей үшін тиісті еңбекақыға 100%, екіншіге - 70%, ал үшінші деңгейге - 30% үстемеақы қосылады. Білім басқармасының мәліметінше, бірінші деңгей бойынша 58, екінші деңгей бойынша 34, үшінші деңгей бойынша 245 оқытушының біліктілігін арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің 19 жетекшісі де арнайы курстан өтеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, Астана қаласында 438 оқытушы біліктілікті арттыру курсынан өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram