Білім беру курстары мен материалдық игіліктер ұсынған миссионердің әрекетіне заңмен тосқауыл қойылатын болады

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Білім беру курстары мен материалдық игіліктер ұсынған миссионердің әрекетіне заңмен тосқауыл қойылады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан дін танушыларының ІІ Форумында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

Оның пайымынша, көлемді қаражатты қолданатын шетелдік миссионерлердің басты мақсаты өз қатарына қарапайым адамдарды, әсіресе жастарды тарту болды. Жастардың білім-ғылымға деген құштарлығын пайдалан отырып, діни  жетекшілер әртүрлі білім беру курстары мен материалдық игіліктерді ұсынған. Осылайша оларды өз торларына түсірді.

«Ендігі уақытта шетелдік миссионерлердің мұндай әрекеті 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлесіктер туралы» Заңын бұзғандығын білдіреді. Жаңа Заңымызға сәйкес ҚР-ның азаматтарын қайырымдылық амалдар арқылы өз мүшелігіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар