Білім беру мекемелерінде ата-аналардан сан алуан алым-салымдарды алуға рұқсат жоқ - Ә. Бимендина

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Астанадағы білім беру мекемелерінде сан алуан алым-салымдарға тыйым салынған. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бастамасымен өткен семинар-дәрісте Астана қаласы Білім беру басқармасының бастығы Әсима Бимендина мәлім етті.
None
None

Оның хабарлауынша, бүгінде басқарманың тәртіптік комиссиясында сыбайлас жемқорлық мәселелері жан-жақты қаралады. Мемлекеттік сатып алуларды орындау бойынша сан алуан жиындар да өткізіліп, оған білім беру мекемелерінің есеп-қисапшылары шақырылады.

«Дегенмен, тәртіп бұзу фактілері әлі де тыйылар емес. Мәселен, білім беру мекемесінің бір басшысы өзіне салынған айыппұлды өзге біреудің есепшотынан «төлесе», екіншісі ата-ананың балабақша стендін жасап беремін деген көмегінен бас тартпай, он мың теңгесін де алуға арланбады. Сол үшін қызмет орнымен қош айтысты. Бұл қарапайым білместік қой. Мекеме басшылары оның тәртіп бұзушылық екенін түсінбей ме? Қалай өзі? Осы орайда айта кетер жайт, жыл сайын қыркүйектің басында біз арнайы бұйрықты шығарып отырамыз. Оған сәйкес, жөндеу жұмыстары, оқу-құралдары мен қандай да бір театр билеттеріне ақша жинауға тыйым салынған», - деп атап көрсетті Ә. Бимендина.

Соңғы жаңалықтар