Білім беру мекемелерінде қыс мезгілінде оқу сабақтарының тоқтатылу жағдайлары анықталды

 АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Елорданың ресми сайты таратқан мәліметтерге қарағанда, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында елорданың білім беру мекемелерінде Астана қаласы әкімдігімен келісілген оқу сабақтарын тоқтатудың келесі параметрлері анықталды:

Білім беру мекемелерінде қыс мезгілінде оқу сабақтарының тоқтатылу жағдайлары анықталды

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 25 және одан да төмен градус аязда 1-4 сыныптарға;

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 30 және одан да төмен градус аязда 1-9 сыныптарға;

- Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 35 және одан да төмен градус аязда 1-11 (12) сыныптарға, кәсіптік лицейлер мен колледждердің ( 1-2 курс оқушылары үшін) оқушыларына сабақ тоқтатылады.

Сабақтың тоқтатылатыны жөніндегі ақпарат «31- арна» телеарнасының жүгірме жолдары арқылы 6.45-тен. 7.45-ке дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00 сағатқа дейін . (екінші ауысым үшін) берілетін болады.

Сондай-ақ, сабақтың тоқтатылатыны туралы ақпаратты 118 - 01 ( 9.00 -ден 18.00-ге дейін), 169 (ақылы) қызмет телефондарынан алуға болады.

Бұған қоса, оқушылардың ата-аналары мектепке телефон соғып, сабақтың тоқтатылатыны жөніндегі ақпаратты мектептегі кезекшіден, сынып жетекшісінен, немесе мектептің әкімшілігінен біле алады.