Білім беру саласында нашақорлықтың жасырын белгілері бар

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Қазақстан-Ресей университетінде «Психоактивті заттарды пайдаланудың алғашқы профилактикасын білім беру мекемелерінде ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологиясын қолдану» тақырыбында конференция басталды.
None
None

Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шараның басты мақсаты - білім беру мекемелерінде есірткі және басқа да психоактивті заттарды пайдаланудың алдын алу шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ осы тәжірибені кеңінен тарату. Себебі нашақорлықтың жасырын белгілері білім беру саласында да барынша байқалады. Жастар анаша және басқа да психоактивті заттарды пайдаланып, уақыт өте келе, есірткіге тәуелді болып жатады.

«Бүгінгі таңда елімізде 55 мыңға жуық нашақор бар. Олардың ішінде психикасы әлі дұрыс қалыптаспаған жастар да бар. Осы санаттағы жас ұрпақты қорғау қажет. Жаман әдеттердің жетегінде кететін өрімдей жастардың болашағы бұлыңғыр болмас үшін біз оларға нашақорлықтың зиянын жан-жақты түсіндіріп, денсаулықтың баға жетпес құндылық екендігін жастардың санасына қазірден бастап сіңіруіміз керек», - дейді Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры директорының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков.     

Соңғы жаңалықтар