Білім беру жүйесінде Бақылау кеңестері арқылы корпоративтік басқару жүйесінің ілкі жобасы енгізіліп жатыр - Білім және ғылым вице-министрі

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Блім беру жүйесінде корпоративтік басқарудағы үздік жасалымдарды  енгізуге бағытталған Бақылау кеңесі  4 ұлттық университетте құрылды. 

Білім беру жүйесінде Бақылау кеңестері арқылы корпоративтік басқару жүйесінің ілкі жобасы  енгізіліп жатыр - Білім және ғылым вице-министрі

 Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов бүгін Қазақ ұлттық университетінде өткен Бақылау кеңесінің алғашқы отырысында осылай айтты.

 "ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов басқаратын Бақылау кеңесі Назарбаев Университетінде жұмыс жасайды. Барлық мәжіліс ҚР Президентінің қатысуымен өтеді. Дамуға қатысты мәселелердің бәрі осында шешіледі. Бұл университеттерді басқару жүйесін оң бағытқа қарай өзгертуге мүмкіндік береді", - дейді С.Шаяхметов. Саят Болатұлының айтуынша, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе көрініс тауып отыр. Онда айтылған басым бағыттардың бәрі кадрға байланысты. Ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауда жетекші оқу орны саналатын  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  бұл саладағы рөлі өте зор. Өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін университет толық көтере алатынына сенім мол.  

Бақылау кеңесі - халықаралық тәжірибе бойынша әзірленген, білім және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративті басқарудың жаңа үлгісі болып саналады. Ол  Алматыдағы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті пен  Қазақ ұлттық аграрлық университетінде және Астанадағы  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құрылған. Ертең енді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бақылау кеңесінің  алғашқы отырысы өтпек.