Білім берудегі ата-ананың рөлі және отбасындағы мемлекеттік тіл қолданысы тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін, сәуірдің 24-інде Астана қалалық №61 қазақ орта мектебінде «Білім берудегі ата-ананың рөлі және отбасындағы мемлекеттік тіл қолданысы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді,

Білім берудегі ата-ананың рөлі және отбасындағы мемлекеттік тіл қолданысы тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған игі шараны Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры мен Астана қалалық білім басқармасы ұйымдастырып отыр. «Дөңгелек үстелдің» мақсаты Президенттің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында көрсетілген әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруге апаратын жолдың бірі ? мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде қолданылуы, оның қанат жаюына деген ата-ананың қосар үлесі жайын талдау болып табылады. Сонымен бірге отбасы жағдайында жанұя мүшелерін мемлекеттік тілде сөйлеуге және олардың ұлттық салт-дәстүрге деген таным-біліктерін арттыруға ықпал ету. Басқосуға Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының директоры Берік Әбдіғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл, қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина және №1 мектеп-лицейінің мұғалімі Отто Руш қатысады. Игі шара «Тілге қызмет, елге құрмет» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.