Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет - Президент

«Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі. Білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.