Білім гранттарын беру бойынша конкурс қорытындылары - ҚР Білім және ғылым министрілігі

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы мамырдың 6-сындағы №384 қаулысымен 2010-2011 оқу жылына жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім тапсырысы 35425 білім гранты көлемінде (олардың ішінде 34425-і күндізгі оқыту нысанында, 1000-ы - сырттан оқыту бойынша) бекітілді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Мемлекеттік тапсырыстың елеулі көлемі білім мамандықтарына - 9375 орын, соның ішінде сырттан оқытуға - 1000 орын; техникалық мамандықтарға - 11465 орын және ауыл шаруашылығы мамандықтарына - 1730 орын бөлінді.

«Назарбаев университеті» талапкерлерін қабылдау үшін мақсатты орындар - 500 орын (даярлық бөлімі), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне - 300 орын және Қазақстан-Британ техникалық университетіне - 200 орын көзделді.

Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі 1085 білім гранттарына ұлғайтылды.

Мемлекеттік тапсырыс көлемі «Әлеуметтік педагогика және өзіңді тану» мамандығы бойынша кадрлар даярлауға 300 білім гранты есебінен ұлғайтылды. Ауғанстан Ислам Республикасына Қазақстан Республикасы - ЕҚЫҰ желісі бойынша жәрдемдесу іс-қимыл жоспары ауқымында оқытуға Ауғанстанның 200 азаматы қабылданады; 25 грант - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Баян-Өлгий филиалында Моңғолия азаматтары болып табылатын отандастарымызды оқыту үшін және 130 грант Қазақ ұлттық өнер университетіне берілді. «Назарбаев университетіне» алғашқы қабылдауды жүзеге асыру үшін 500 білім гранты бөлінді.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсуде мынадай квоталар белгіленді:

  • - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты тұлғалары үшін бекітілген мемлекеттік тапсырыстың 2%-ы;
  • - І және ІІ топтардағы мүгедектер, бала шағынан мүгедектер, мүгедек-балалар үшін - 0,5 пайыз;
  • - ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балалар үшін - 1%;
  • - жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер үшін - 0,5%.

Бұрынғы жылдардағыдай, ауыл жастарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандықтар бойынша ғана 30% квота белгіленді (Кәсіби жоғары білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелерінде мамандықтар тізімі келтірілген).

Жоғары оқу орындарына қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу қорытындылары бойынша жүргізілді.

Білім гранттарын алу конкурсына 82607 талапкер, соның ішінде, қазақ тілінде - 57828, орыс тілінде 24779 талапкер қатысты.

Олардың арасында ҰБТ қатысушылары - 71572 және кешенді тестілеуге қатысушылар - 10502, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар қатысушылары - 533.

Конкурсқа 2400 «Алтын белгі» төсбелгілерінің иегері, 1101 халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, орындаушылар конкурстарының, спорт жарыстарының жеңімпазы қатысты.

Күндізгі оқыту бөлімдерінде кейбір мамандықтарға бір орынға ең үлкен конкурстар мынадай болды:

қазақ бөлімі:

  • 1. 5В090700 - «Кадастр» - 54,13;
  • 2. 5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» - 48,00;
  • 3. 5В090300 - «Жерге орналастыру» - 46,00;
  • 4. 5В030400 - «Кеден ісі» - 42,85;

орыс бөлімі:

  • 1. 5В021000 - «Шетел филологиясы: ағылшын тілі» - 60,92;
  • 2. 5В020900 - «Шығыстану» - 55,80;
  • 4. 5В020700 - «Аударма ісі» - 52,93;

Күндізгі бөлім бойынша бір орынға ең аз конкурс болған кейбір мамандықтар мыналар болды:

қазақ бөлімі:

  • 1. 5В021100 - «Дінтану» - 0,25;
  • 2. 160906 - «Ұшыру аппараттарын сынау» - 0,56;
  • 3. 080502 - «Машина жасау кәсіпорындарындағы экономика мен басқару» - 0,75;

орыс бөлімі:

  • 1. 5В011923 - «Шетел тілі: 2 шетел тілі (неміс тілі)» - 0,32;
  • 2. 5В011924 - «Шетел тілі: 2 шетел тілі (француз тілі)» - 0,40;
  • 3. 5В021022 - «Шетел филологиясы: француз тілі» - 1,67.

Конкурс қорытындысы бойынша 31725 білім гранттары берілді, соның ішінде күндізгі оқыту нысанына 30725, сырттай оқытуға - 1000.

Соңғы жаңалықтар