Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтеді
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Ертең, тамыздың 4-інде Астанада Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия мәжіліс өткізеді,
деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев жетекшілік ететін Конкурстық комиссияның отырысы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мәжіліс залында болады.