Білім грантының қаржысына түркі халықтарының әдеби байланысын зерттемекшімін - З.Мүтиев, үздік оқытушы, БҚО

ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - М.Өте­мі­сов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доцен­ті, филология ғы­лымдарының кан­дидаты Зейнол­ла Мү­тиев «2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ата­ғының иегері ре­тін­де Астана қала­­сын­дағы марапаттау рәсіміне қа­тысып қайтқан болатын.

Білім грантының қаржысына түркі халықтарының әдеби байланысын зерттемекшімін - З.Мүтиев, үздік оқытушы, БҚО

- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы иегеріне 3,5 млн. теңге грант берілді. Осы қаржыға шетелден ғы­лы­ми тағылымдамадан өту, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу, монографиялар мен оқу құралдарын шығаруға болады. Түркиядан шақырту күтудемін. «Қазақ-түрік халықтарының әдеби байланысы» тақырыбында зерттеу жұмысым бар. Одан әрі мақсатым - Уфа, Қазан қалаларына бару, жалпы, түркі тілді елдердің әдеби қазыналарына үңілу, - дейді Зейнолла Жақсылықұлы.