Білім грантының тізімі 13 тамыз күні «Егемен Қазақстанда» жарияланады

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысын жақында қорытындылап, грант иелерін анықтады, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Білім грантының тізімі 13 тамыз күні «Егемен Қазақстанда» жарияланады

"Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иелерінің тізімі газетіміздің 13 тамыз, сейсенбі күнгі нөмірінде жарияланады" делінген газет мақаласында.

Тізім газеттің сейсенбі күнгі нөмірінің қосымша беттерінде жарияланады. Сонымен бір мезгілде, сол күні таңертең ертемен ол газеттің сайтынан да орын алады.