Білім, ғылым саласын дамытуда Елбасы биылғы Жолдауда көп міндеттер қойып, үлкен сенім артып отыр - Бақытжан Жұмағұлов

АЛМАТЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрі  Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен ҚР Президентінің  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын биылғы Жолдауын талқылау өтті.

Білім, ғылым саласын дамытуда Елбасы биылғы Жолдауда көп міндеттер қойып, үлкен сенім артып отыр - Бақытжан Жұмағұлов

Оған университеттің оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттары мен докторанттары, Алматы қаласындағы түрлі жоғары оқу орындарының, білім-ғылым саласындағы мекемелердің басшылары мен өкілдері жиналды.

«Білім, ғылым саласын дамытуда Елбасы биылғы Жолдауда көп міндеттер қойып, үлкен сенім артып отыр. Біздің мақсат - осы жылы білім беру сапасын арттырып, Жолдауда айтылған істерді іске асыру», - деді Бақытжан Жұмағұлов.  Ал ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың айтуынша, бұл Жолдау әрбір азаматты  елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаңа сапалық деңгейге көтерудегі жауапты іске жұмыла кірісуге шақырады.