Білім инновация лицейінің оқушысы 15 медаль ұтып алды - Павлодар

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Павлодар қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» аясында «The World scholar's cup» атты дебат сайысы өтті. Аталмыш жарыста бақ сынаған білім инновация лицейінің 11-сынып оқушысы Алсу Бадретдинова жекелей білім көрсету барысында жалпы саны 15 медаль ұтып алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Білім инновация лицейінің оқушысы 15 медаль ұтып алды - Павлодар

Сөзсайысқа өңірдің бірнеше мектеп оқушылары қатысты. Айта кеткен жөн, мұндай бәсекелер әлемнің шамамен 81 мемлекетінде өткізіледі. Бұл сайыстың негізін қалаушы Даниель Бердичевскийдің пікіріне сүйенсек, жоба оқушыларды мотивациялау және көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсаты негізінде қалыптасқан.

Айта кететін жай, сайыс тек ағылшын тілінде өтеді. Әлем таныған аталған білім додасына аталмыш лицейдің 4 командадан құралған оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді.   Атап айтсақ, WSC-тан Павлодар қаласындағы айналымына қатысқан сайыскерлердің арасында «Ең үздік дебатшы» атағына ие болған 11-сынып оқушысы Алсу Бадретдинова жекелей білім көрсету барысында жалпы саны 15 медаль ұтып алды.

Жеңімпаздар ағымдағы жылдың жаз айларында Афины, Кейптаун немесе Ханойда (қатысатын елді мектеп өзі таңдайды) өтетін бүкіләлемдік WSC-тың финалына жолдама ұтып алды.