Білім күні Қосшыда жаңа екі мектеп есігін айқара ашты

None
ҚОСШЫ. ҚазАқпарат – 1 қыркүйек - Білім күні Ақмола облысының Қосшы қаласында 1500 орындық мектеп-гимназия мен 1200 орындық орта мектептің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа мектеп-гимназия Қосшы қаласының жаңадан салынып жатқан шағынауданында тұрғызылған.

Онда 2,5 мыңнан астам оқушы қазақ және орыс тілдерінде білім алады.

Білім ошағы «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициясы есебінен салынып, Қосшы қаласының білім бөліміне беріліп отыр.

«Мектеп - мейірім мекені» алғашқы қоңырау салтанаттына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, «Верный Капитал» инвестициялық тобының бас директоры Ерлан Оспанов, «Болат Өтемұратов қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман, сондай-ақ, ұстаздар мен оқушылар және олардың ата-аналары қатысты.

Соңғы жаңалықтар