Білім мекемелерінде қазақ тілін оқытуға ерекше көңіл бөлінеді - Алматы қаласы білім басқармасының бастығы Р.Шимашева

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қалада орта білім беру ұйымдарының желісін дамытуға баса назар аударылған. Биылғы жылы қазақ тілінде оқытатын мектеп саны өткен жылмен салыстырғанда 2 бірлікке артып, ондағы оқушылар саны 987 мыңға көбейді.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен қалалық мәслихатта Алматы қаласы білім басқармасының бастығы Рахат Шимашева айтты.

Оның айтуынша, білім мекемелерінде қазақ тілін оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. «Қазақ тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін топқа бөліп оқытуға жергілікті бюджеттен 2010-2011 оқу жылына 157 млн. тенге бөлінді. Бұл мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруда үлкен ықпалын тигізуде»,-деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бүгінде қалада орта білім беретін 224 мекеме бар, оның 181-і мемлекеттік мекеме, 43-і жеке меншік оқу орындары.

Мәжіліс барысында Рахат Шимашева 2015 жылы оқытудың 12 жылдық үлгісіне дәйекті көшу басталатындығын мәлім етті. «12 жылдық оқу жүйесіне көшуге дайындық мәселесі Алматы қаласының білім жүйесіндегі ерекше, басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағытта 12 жылдық оқу жүйесіне көшуге тәжірибе жасау үшін 7 мектеп негізінде жұмыс жалғасуда. 12 жылдық оқуға байланысты нақты жоспар бекітілді. 2009-2011 оқу жылында жалпы білім беретін мекемелерді 12 жылдық оқу жүйесіне көшіруге байланысты Алматы қаласы мәслихатының шешімімен жүргізілетін іс-шаралар жоспары да бекітілді. Бұл бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар