Білім министрі мектеп түлектерінің қоғамдастығын құру бастамасын көтерді
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мектеп түлектерінің қоғамдастығы туралы бастама көтеруде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін ведомствоның аппарат мәжілісінде Ж.Түймебаев: «бұл - мектептердің материалдық және әлеуметтік-мәдени проблемаларын шешуге ықпал жасайтын үлкен ресурс екендігін» атап көрсетті.
«Сондай-ақ қамқоршылық кеңестерінің ісін дамыту қажет. Ол мәселелерді жергілікті деңгейде шешіп отырады. Қаншама жылдардан бері мектептерде қосымша қаржы жинау, түрлі заңға қайшы әрекеттерді біз өкінішке орай, тоқтата алмай келеміз. Қамқоршылық кеңес құрамына жергілікті әкімдік, басшылық, баспасөз өкілдері, мектеп түлектері, ата-аналар кірген жағдайда сол мектептің барлық мәселелерін талқылау арқылы, келеңсіз жағдайлардың барлығын шешуге болар еді», деді министр.