Білім министрі «үш» алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның білім және ғылым министрі Қанат Садықов орыс тілі бойынша өткен дүниежүзілік білім акциясы аясында диктанттан «үш» алды, деп хабарлайды «Айқын» газеті ҚырТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
Менің болжамым келді, «үш» алдым», - деді Қ.Садықов бейсенбідегі баспасөз мәслихатында. Агенттік еске салғандай, сәуірде Қырғызстан орыс тілі бойынша дүниежүзілік білім акциясына қатысқан еді. Республикада барлығы 1 мың 84 адам диктант жазған. Оның ішінде 13-і «үздік» деген баға алған. Қырғызстаның білім және ғылым министрі акцияға қатысқан әлемдегі тұңғыш министр.