Білім министрі үштұғырлы тілді дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш мектептерде 4183 оқушы білім алуда.
Осыған орай, министр Ж. Түймебаев, педагогикалық жоғары оқу орындарында осындай мектептер үшін жаратылыстану, математика цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытатын білікті мамандарды даярлауды, аталмыш пәндердің ағылшын тілдеріндегі оқулықтарын әзірлеуді, үш тілді мектептердің желісін одан әрі кеңейтуді тапсырды.
Министрдің айтуынша, аталған мектептерде химия, физика, биология, математика, информатика, экономика, география пәндері ағылшын тілдерінде, орыс тілінде оқытылатын мектепте қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы мемлекеттік тілінің негізінде жүргізіледі. Алдағы уақыттарда көркем әдебиет, музыка, Қазақстан географиясы пәндері қазақ тілінде оқытылады.
Үш тілде оқытатын мектептердің желісін құруда олардың оқу процесін ұйымдастыруға қажет оқу-әдістемелік құралдар мен жинақтар әзірленді. Сонымен қатар оқу жоспарлары, қазақ және ағылшын тілдерінде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқалары, үш тілде оқытуды енгізу жөніндегі ұсынымдар, жұмысты үйлестіру мақсатында ағылшынша оқытатын педагогикалық кадрлар даярлау, балаларға үш тілде білім алу сапасына мониторинг жүргізіп отыру жоспарланған.
Үш тілде сабақ жүргізетін мектептердің желісі толыға бермек. «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Тілдәш Битуованың атап көрсеткеніндей, жақын арада Қазақстанда 20-ға тарта мектеп үш тілде оқыту жүйесіне көшпек. «Қазақстанды әлемдік экономикалық кеңістікке шығаруда, мәдениетін, ғылым-білімін жаһанға танытуда бұл стратегияның маңызы өте зор», дейді Т. Битуова.