Білім министрінің қатысуымен биылғы жылғы мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды

АСТАНА. Мамырдың 25-і ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен №52 мектеп-гимназия түлектеріне арнап салтанатты түрде соңғы қоңырау соғылды,

Білім министрінің қатысуымен биылғы жылғы мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ж.Түмейбаев мектеп түлектері мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтай келе, елде орта білімге қашанда баса назар аударылатынын, білім саласына озық әдістерді енгізу мен материалдық-техникалық базаны жетілдіруге ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. Оның атап көрсеткеніндей, биыл республика бойынша орта білім беру мекемелерін 132 мың 733 жас тәмамдайды. Оның 2 мыңға жуығы «Алтын белгіге» үміткер. Өткен жылы олардың саны 3 мың 360 болды. ҰБТ-ға қатысуға 108 мың 848 оқушы өтініш білдіріп отыр. Ал қалған 23 мың 885 бала қорытынды аттестацияны жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихан үлгісінде мектептерде тапсырады.«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 4-інен басталады. Ата-аналар мен оқушылардың талап-тілектеріне байланысты тестілеу уақыты 30 минутқа ұзартылды. Сонымен қатар өткен жылдан бері тестілеу сұрақтарына жіті тексеріс жүргізіліп, ретсіз деп саналғандар алып тасталды», - дейді ол. Сондай-ақ министрдің айтуынша, биылғы бітірушілер «Түлектер кешін» тек өз мектептері мен отбасы мүшелерінің арасында тойлайтын болады. Мұндай шешім, қазіргі дағдарыс жағдайында барлық отбасылардың әлеуметтік жағдайы ұлан-асыр той жасауға мүмкіндік бермейтіндіктен қабылданып отыр. «Себебі, тек кешті ұйымдастырудың өзіне 15-20 мың теңгеден бастап қаражат жиналса, оның сыртында арнайы киім тіктіру тағы бар», - деді министр. Аттестаттарды салтанатты түрде табыстау маусымның 20-сына белгіленіп отыр.