Білім министрінің қатысуымен оқулық мәселесі жөнінде кеңес өтті

ТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кеше Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың қызметін жетілдіру мәселесі жөнінде кеңес өтті.

Білім министрінің қатысуымен оқулық мәселесі жөнінде кеңес өтті

Жиын барысында Министрлік басшысына 2011-2015 жылдарға арналған «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықты дамыту бағдарламасы ұсынылды.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталықтың қызметін талдау нәтижесі көрсеткендей, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді әзірлеу және шығару жұмыстары бойынша отандық жүйені қатаң жетілдіру талабы қойылып отыр. Англия, Германия, Канада, Норвегия, Ресей, Сингапур және АҚШ-тың оқулықтар әдебиетiн өңдеу, сараптау және шығару талқыланған халықаралық тәжірибелерінің, сонымен бірге Парламент депутаттарының сауалдарын талдау және БАҚ-та жарияланған сын материалдардың негізінде соңғы бес жылдың ішінде Орталықпен қазақстандық оқулықтардың сапасын арттыру үшін жаңа бағыттар қарастырылған. Бұл ретте басты шешімін таппай отырған мәселе оқулықтарды сараптау сапасы болып табылады.

«Қазіргі таңда оқулық мәселесіне қатысты тәуелсіз сараптау жүйесі еңгізілген. Ол бойынша Білім және ғылым министрлігі әзірлеушілермен ұсынылған оқулықты «Оқулық» орталығына тапсырады. Толық сараптамадан кейін, Орталық қорытындысы шығарылып, оқулық Республикалық қоғамдық кеңеске ұсыну немесе қайтару шешімін қабылдау үшін жіберіледі. Тағы бір маңызды мәселе -жылдан жылға оқулық авторлары өзгермей келеді Үстіміздегі жылдың мамыр айында математика мұғалімдерінің І Съезінде Министр жаңа формациядағы авторлар мен сарапшыларды даярлау және оқулықтар мен оқу-әдістемелердің сапасына эксперттік қорытынды берген авторлар толық жауап беретін ұстанымды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтқан болатын. Бұған қатысты министрлік Қазақстанда эксперттерді және оқулықтардың авторлары мен шығарушылар мектебін құру уақыты келді деп санайды», - делінген министрлік таратқан баспасөз айғағында.

Тоқтала кететін жайт, тамыз айында Астана, Алматы, Атырау, Тараз қалаларында оқулықтар сапасы мәселелері бойынша педагогтар қоғамымен аймақтық жиындар өткізілетін болады. Қорытындылай келгенде, ведомство басшысы Қазақстан оқулықтарының сапасы жайын қоғамдық диалогта ашық талқылау қажеттігін атап айтты. Сондықтан да, бұл мәселе тамыздың 25-де Астана қаласында өтетін Республикалық педагогтар форумында талқыланатын негізгі тақырыптардың бірі болуы мүмкін.