Білім министрлігі алты бала пышақталған жаппай төбелеске байланысты шұғыл шаралар қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі Олимпиада қоры республикалық училищесі мен № 38 мектеп оқушыларының арасында алты баланың пышақ жарақатымен ауруханаға түсуіне себеп болған төбелеске байланысты бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.

Білім министрлігі алты бала пышақталған жаппай төбелеске байланысты шұғыл шаралар қабылдады

Бұл туралы бүгін ведомствоға сілтеме жасаған КирТАГ хабарлады.

Министрлік сондай-ақ 17 қыркүйекте ҚР Үкіметінде Бішкек қаласы әкімшілігі, ІІМ және ҚІІБ, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулықты сақтау министрлігі, мемлекеттік дене шынықтыру және спорт агенттігінің басшылығы, ел астанасындағы екі мектеп директорының қатысуымен оқушылар арасындағы жаппай төбелес оқиғасы талқыланған шұғыл отырыс өткізілгендігін мәлім етті.

Еске сала кетейік, оқушылар арасындағы жаппай төбелес 16 қыркүйекте сағат 21:30 шамасында орын алған. Соның салдарынан пышақ жарақаттарын алған 6 бала ауруханаға жеткізілген. Пышақ иесі болуы мүмкін күдіктілердің бірі ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.