Білім министрлігі ЖОО оқытушыларына сыйлық алуға тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың білім министрлігі сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларының бірі ретінде оқытушыларға қатысты бірқатар шектеулер енгізді.
ҚХР білім министрлігінің сайтында хабарланғандай, енді ЖОО оқытушыларына студенттерден ақшалай түрдегі сыйлықтарды, құнды қағаздар мен төлем құжаттарын алуға тыйым салынады. Сондай-ақ олар студенттер мен олардың ата-аналары ұйымдастырған банкеттерге қатыса алмайды, себебі бұл білім алушының емтихандағы бағасына өз ықпалын тигізуі мүмкін. Сонымен қатар оқытушылар құрамына ақысы студенттердің қалтасынан төленген саяхаттарға, көңіл көтеру шараларына баруға шектеу қойылды. Әрі, білім нәрімен сусындатушылар жастарға кітаптар, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар мен сақтандыру полистерін де сата алмайды. Бұл талаптары бұзған оқытушы бірден жұмыстан шығарылады не болмаса, тіпті, сотқа берілуі мүмкін, деп жазады Росбалт.