14:32, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Білім министрлігіне Кәмелетке толмағандарды бейімдеу мен оқшаулаудың 18 орталығы беріледі
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Білім және ғылым министрлігінің қарамағына кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу мен оқшаулаудың 18 орталығы беріледі.
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген ҚР Ішкі істер вице-министрі Александр Кулинич осылай мәлім етті.
«Бұл орталықтарда негізінен қараусыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалар, сонымен бірге ата-ана болу құқығынан айырылғандардың балалары тәрбиеленетін болады. Жалпы, бұндай орталықтарда шамамен 9 мыңға жуық кәмелетке толмаған балалардың тәрбиеленетіні жоспарланған», деді А. Кулинич.
Вице-министрдің айтуынша, бұндай орталықтардың кадрлары өздерінің тілегіне орай сол мекемелерде бұдан кейін де жұмыс істей алады. Алайда, бұл үшін оларға педагогикалық білім қажет болады.