Білім саласының қызметкерлері сайлаулардың жоғары деңгейде өтуіне әрдайым атсалысуда - М.Амантаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері Мәжілісте кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді қолдайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева мәлім етті.

Білім саласының қызметкерлері сайлаулардың жоғары деңгейде өтуіне әрдайым атсалысуда - М.Амантаева

«ҚР Кәсіподақтары федерациясында 2,2 миллионнан астам мүшесі бар, соның ішінде ең ірісі - салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы. Кеше Президентің Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығына байланысты қабылданған шешімді біздің салалық кәсіподақтың мүшелері толық құптайды», - деді Майра Амантаева.

Сонымен қатар кәсіподақ  төрайымы сайлау учаскерінің көбісі мектептерде, жоғары оқу орындарының ғимараттарында орналасқанын айта келе,  әрдайым білім саласында еңбек етіп жүргендер Қазақстандағы сайлаулардың дұрыс өтуіне атсалысып жүргенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Майра Амантаева әлемдік дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысы өсіп отырғандығын, салада ауқымды шаралар атқарылып жатқандығын, 2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық білім мекемелерде балаларды тегін оқыту тұрғысында маңызды бастамасы қолданылғалы отырғанын атап өтті.

«Алдымыздағы 20 наурызда өтетін сайлауға түгелдей қатысып, сайлау учаскелерінде қызмет істейтін білім саласының қызметкерлері тиісті деңгейде атсалысады деген ойдамын»,-деді кәсіподақ төрайымы.