«Білім» телеарнасы TED лекцияларының көрсетілімін бастады

Баспасөз мәслихатына «Хабар Агенттігі» АҚ «Білім» телеарнасының директоры Ғазиза Жаппарова, "WikiBilim" қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы қатысады.
TED ( Technology Entertainment Design дегеннің ағылшынша аббревиатурасы, оны «Ғылым, Өнер, Мәдениет» деп аударуға болады) - бірегей идеяларды таратуды («ideas worth spreading») мақсат тұтқан, жыл сайын конференциялар ұйымдастырумен айналысатын халықаралық коммерциялық емес қор. Конференцияның «Таратуға тұрарлық идеялар» деп аталатын слоганы айтып тұрғандай, конференцияның басты мақсаты - мүмкіндігінше көп адамдарға қызықты идеяларды жеткізу.
Әр жылдары Билл Гейтс, Эл Гор, Гордон Браун, Билл Клинтон, Нобель сыйлығының иегерлері Джеймс Уотсон мен Мюррей Гелл-манн және Википедианың негізін қалаушы Джимми Уэйлс секілді танымал тұлғалар TED-те сөз сөйлеген. Барлық лекциялар конференцияның www.TED.com сайтына орналастырылады. Осы бейнебаяндар жылына 500 миллион рет қаралады.