«Білім туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында кәсіптік-техникалық білім беруге ерекше көңіл бөлінетін болады - сенатор
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінде елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен «бизнестің жол картасы» шараларын жүзеге асыру және заман талабы еліміздің экономикасы үшін орта деңгейлі жоғары білікті кадрларды дайындауды қажет етіп отыр. Осыған қарай кәсіптік-техникалық білім беру қазір өте маңызды мәселеге айналуда. «Енді бізге осы кадрларды дайындау жұмыстарының тиімділігін арттыратын тетік дайындау қажет. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі отырыстың мән-маңызы ерекше деуге болады», деді А.Бижанов.
Көшпелі отырысқа Сенат депутаттары мен Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Астана қалалық әкімшілігі мен бірқатар мемлекеттік органдар өкілдері және жоғары оқу орындарының ұстаз-мамандары, ғалымдар қатысты. Олар елдегі кәсіптік-техникалық білім беру мәселесіне қатысты өзара пікір алмасып, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың құнды, тың мәліметтерімен танысты.