Білім және ғылым министрлігі балалардың түнгі уақытта қоғамдық орында болуын шектейтін заң жобасына бастамашылық жасады

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Білім және ғылым министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып,

Білім және ғылым министрлігі балалардың түнгі уақытта қоғамдық орында болуын шектейтін заң жобасына бастамашылық жасады
балалардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда болуын шектейтін заң жобасына бастамашылық жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан балалары» бағдарламасының жүзеге асуы тақырыбында өткен Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, аталған заң жобасы кәмелетке толмағандар арасында ққұқық бұзушылықты жоюға бағытталатын болады. Сонымен бірге, құжатта балалардың қараусыздығының алдын алу шаралары да қарастырылып отыр. Осы мақсатта бірқатар қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. «Ондай толықтырулар бойынша қасында бірге еріп жүрген ересектер болмаса, балалардың кешке немесе түнгі уақытта қоғамдық жерлерде болуына шектеу нормалары қарастырылады», - деді министр.