10:53, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Этносаралық қарым-қатынастар саласындағы бірлескен жұмыстың жоспарына қол қойды
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Этносаралық қарым-қатынастар саласындағы бірлескен жұмыстың жоспарына қол қойды,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Білім министрлігінің Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты департаментінен. Жоспардың негізгі мақсаты-экономикалық дағдарыс жағдайында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда уәкілетті органдардың бірлескен өзара іс-қимылдарын үйлестіруді көтеру болып табылады.2009 жылғы наурыздың 6-сындағы ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы «Дағдарыстан- дамуға» Жолдауында айтқанындай әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау құжатқа қол қоюмен әзірлеудің өзектілігі болып табылады.Мемлекет басшысы өз баяндамасында Қазақстан халқы Ассамблеясына, еліміздің барлық саяси күштеріне, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдеріне азаматтардың әлеуметтік көзқарасы мен ел бірлігін сақтау, дағдарысқа қарсы ұйымдастырылған бағдарламаны түсіндіруде азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды. Қоғамымыздың ең қарқынды дамыған бөлігі өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік пен басты рөлді жүктеді.Жоспарды іске асыруда әр түрлі жастар топтарымен (ауылдық, жұмысшы, студент, т.б.) кездесу, Ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық Кеңес аясында халықаралық конференция, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған және этномәдени бірлестіктің жастар бөлімшесі қатысуымен Қазақстан халқы бірлігі күніне жастар акциясын ұйымдастыру жоспарланған.Жоспар негізінен үш негізгі бөлімнен тұрады. Жоспар ұйымдастыру
-тәжірибелік, ақпараттық және зерттеу, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Мемлекет басшысы көтерген мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік тілді зерделеудің қажеттілігі мен жастар арасында патриотизмді насихаттауға бағытталған іс-шаралардан құралады.
Е.Тоғжановтың айтуынша, Жоспарды жүзеге асыру ұлт Басшысының төңірегіне жастарды біріктіруге, жоғары рухани-адамгершілік мәдениетін, келешек үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталып отыр.