Білім және ғылым министрлігі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу бағдарламаларын әзірлейді

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Анна Сизова/ - Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында халықтың осы тобының қоғамға кірігуі және өмір сүруі үшін тең мүмкіндіктер жасау проблемалары талқыланды.

Білім және ғылым министрлігі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу бағдарламаларын әзірлейді

ҚР Білім және ғылыми вице-министрі Күләш Шәмшидинованың мәлімдеуінше, Қазақстанның барлық аймақтары үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқыту проблемасы өткір күйінде қалып отыр.

Әсіресе мектепке дейінгі мүгедек балалардың жағдайы ерекше дабыл қағарлық. Бүгінде елімізде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында мамандандырылған топтар аз болып отыр. Мысалға, Батыс Қазақстан облысында нәбәрі 105 бала осындай білім мекемелеріне тартылған, ал оған мұқтаж жандардың саны әлдеқайда мол.

Бұл пробеманы шешу үшін Білім және ғылым министрлігі мүмкіндігі шектеулі балалардың өз құрбыларымен тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламаларын жасауда. Алайда, вице-министрдің пікірінше, жергілікті билік ол үшін қажетті материалдық-техникалық база құруы тиіс.